• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Желтоқсан, 2022

Биыл тұрғын үй секторында 1 700-ден астам өрт болды

214 рет
көрсетілді

Өткен жылыту маусымының ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт 2,3%-ға, адам өлімі 12%-ға, көміртегі тотығынан улану 2 есе  төмендеді. Бұл туралы Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Күнделікті өмірдегі өрттердің негізгі себептері, ең алдымен, отпен абайсызда жұмыс істеу, отпен балалардың еркелігі, электр жабдықтарының дұрыс жұмыс істемеуі, пештер мен тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, сондай-ақ соңғы уақытта өртеу жағдайлары жиілеп кетті», делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Мәселен, жылыту маусымы басталғаннан бері тұрғын үй секторында 1 700 мыңнан астам өрт болды. Көміртегі тотығымен улану салдарынан 12 адам қаза тауып, 66 адам жарақат алды.

Тұрмыстық өрттер санының өсуі Абай, Астана қаласы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Тұрғын үй секторында өрттердің туындау, адамдардың қаза болуы және жарақаттану қаупін азайту мақсатында барлық аумақтық департаменттер халық арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша үгіт-профилактикалық жұмысты күшейтті.